RALLY KAZAKHSTAN 2017 – ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕЗЕҢІ
FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының Бүкіләлемдік Кеңесінің кеше, 28 қыркүйекте өткен отырыстарының нәтижесі бойынша, әртүрлі автомобиль жарыстары бойынша 2017 жылға арналған Әлем Чемпионаттарының күнтізбесі ресми түрде бекітілді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының Автомотоспорт Федерациясы, біздің еліміздің тарихында тұңғыш рет FIA Халықаралық Автомобиль Федерациясының Халықаралық Ралли Рейдтері бойынша Әлем Чемпионатының кезеңін өткізу құқығына қол жеткізді. Әлем Чемпионатының осы кезеңі 2017 жылдың 20 мамырынан 27 мамырына дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Маңғыстау Облысының, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының аудандарындағы ойлы-қырлы жерлерде өтеді.
Ралли-рейд бойынша Әлем Чемпионаты – жыл сайын оңтүстігінде Біріккен Араб Эмираттарының ыстық аймақтарынан, Катар және Мароккодан бастап, әлемдегі жалғыз қарлы-мұзды жерлі Ресейге дейінгі әртүрлі елдерде өткізіліп келе жатқан, көп кезеңді ұшқырлар жарысының сериясы. 2017 жылғы Әлем Кубогы 11 кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысы өз еліндегі ең мықты ұшқырлар жарысы болып табылады, бұл Ралли-рейдтан Әлем Чемпионатының беделін және жоғары мәртебесін атап көрсетеді.
- FIA ралли-рейдтері бойынша халықаралық күнтізбенің бір бөлігі болу - бұл тек ұйымдастырушылар үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл еліміз үшін орасан зор жетістік болып саналады. Біз осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірнеше жылдар бойы еңбектендік, енді міне біздің Қазақстанның тарихында бірінші рет Қазақстанда осы мәртебелі Әлем Кубогын өткізу құқығына қол жеткіздік. Осы жарыс жолындағы әрбір маманның үлкен бірлескен еңбегінің, тәжірибесінің және күшінің нәтижесінде, біз Қазақстан туралы жағымды жаңалықтарға қол жеткіземіз және және біздің Республикамыздың аумағында Ралли Рейдтен өткізілген Әлем Кубогының ең бір әдемі де қызықты кезеңдерінің бірі етеміз деп үміттенемін, - деп атап өтті ҚР автомотоспорт Федерациясының Президенті Марат Абыкаев.
Естеріңізге сала кетейік, 28 мамырдан 3 маусымға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының Автомотоспорт Федерациясы Ралли Қазақстан 2016 өткізді, FIA (Халықаралық автомобиль федерациясы) ралли-рейдтері бойынша әлем Кубогының күнтізбесіне енгізуге үміткер мәртебесіне ие болуға мүмкіндік берді. Жарысқа қатысушылардың алдында Маңғыстау облысының аумағы бойынша барлығы 2 мыңнан артық шақырымды артқа салу міндеті тұрды. Жылдамдықтық арнайы учаскелердің ұзақтығы 1616 шақырымды құрады.
Ралли Қазақстан 2016 өткізілуін бақылау үшін FIA ралли-рейдтері бойынша комиссияның Вице-Төрағасы, Фред Галлахер келді, ол сондай-ақ «Ралли Қазақстан 2016» Жарыстарының Директоры болып табылады.
- Мен бұл жарыстарға үлкен үмітпен қараймын. Қазақстанның климаты және ландшафты жоғары деңгейлі күрделіліктегі автоспорттық жарыстарды өткізуге, әдеттен тыс маршруттарды әзірлеуге, халықаралық қауымдастықтың тарапынан олардың қызығушылықтарын туғызуға мүмкіндік береді. Мен рейдтің ұйымдастыру комитетінің бүкіл командасына табыс, ал қатысушыларға – пайдалы спортқа құмарлық тілеймін! – деп түсіндірген еді, сол кезде «Ралли Қазақстан 2016» жарыстарының директоры Фред Галлахер.
Ралли Рейдтар бойынша 2017 жылға арналған Әлем Чемпионатының кезеңдерінің Тізімі
№ Өткізілетін уақыты Кезеңнің атауы Өткізілетін ел 1 24 – 26 ақпан Баха «Солтүстік орман» Ресей 2 9 – 11 наурыз Баха «Дубаи» Біріккен Араб Эмираттары 3 1 – 7 сәуір Абу Даби Дезерт Челлендж Біріккен Араб Эмираттары 4 16 – 21 Сәуір Ралли Рейд Силайн Катар 5 20 – 27 Мамыр Ралли Қазақстан Қазақстан 6 16 – 18 Маусым Баха Италии Италия 7 21 – 23 Шілде Баха Арагон Испания 8 10 – 13 Тамыз Венгер Бахасы Венгрия 9 24 – 27 Тамыз Польша Бахасы Польша 10 1 – 7 Қазан Oilibya Ралли Марокко Марокко 11 26 – 28 Қазан Португалия Бахасы Португалия |